Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында есінен танып, ауруханаға түсті.
Көптеген спортшылар сияқты, біз де салмақ түсіруде қиындықтарға тап болдық. Біз мұндай мәселеге бірінші рет кезігіп отырмыз. Бұл оңай емес, ауруханада түнедік. Қазір Жәнібектің жағдайы тұрақталды. Денсаулық бірінші орында. 2-3 айдан кейін қалпына келтіріп, рингке оралайық! – деп хабарлады боксшының командасы.
Боксшының жағдайы ағзасының қатты шаршауына байланысты күрт нашарлаған. Спортшының жағдайына байланысты жекпе-жек өткізілмейтін болды.