«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13, 14, және 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен бірге қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады.
Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр, — делінген хабарламада.
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған.