Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында теңге нығайды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473–478 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471,9-474,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 473-478 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,43 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29-5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,23-5,43 теңгеден сатылып жатыр.