Алматының полиция департаменті үкіметаралық комиссияның жұмысына байланысты қала көшелерінде ішінара шектеу қойылатынын хабарлады.
Алматы қалалық полиция департаменті 2024 жылғы 11-12 шілде аралығында үкіметаралық комиссияның жұмыс істеу мерзіміне орай, жол қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды. Кейбір аймақтарда қозғалысты реттеу болуы мүмкін. Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларды түсініп, кептеліске жол бермеу үшін өз бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады, — делінген хабарламада.