Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды. Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.
Ең көп таңдалған білім салалары:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Бизнес, басқару және құқық.
Еске салайық, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.