Көлік министрі Марат Қарабаев жол бойындағы бір дәретхананы салуға және күтіп ұстауға кететін қаржының көлемін жариялады.
Министрдің айтуынша, республика бойынша ескі дәретханалардың саны 700-ден асады. Осы уақытқа дейін 108 жаңа дәретхана орнатылды. Биыл тағы 48-і қойылады.
Ондай дәретхананың бағасы аумағына және орналасқан жеріне байланысты. Басында 8 милллионнан болды, қазіргі бағасы 8-18 миллион теңге болып тұр, — деді Марат Қарабаев үкіметте өткен брифиңде.
Ал бір дәретхананы күтіп ұстауға 300 мың теңге кетеді. Екі адам кезек-кезек жинайды, немесе бір адам қарауы мүмкін.
Ондай жүйе тиімсіз, сол себепті дәретханаларды жанар-жағармай құю станцияларында, немесе дәмханаларда көптеп ашуға басымдық беріледі. Ал дәретханалар сервистік және туристік нысандарда ашылса, олар өздері күтіп ұстайды, — деді министр.