Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер Атырау...

Синоптиктер Атырау және Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

5 шілдеде Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.