Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер алматылықтарға...

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады.

2024 жылғы 3 шілдеде Ақтөбе, Атырау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.