Жаз — демалыс уақыты, яғни, теңіз жағасына немесе қала сыртына не киіп барсам екен деп ойланатын кезең. Осы маусымның сәнді трендтерін ескеріп, демалыс «капсуласын» толықтай жинаудың тиімді жолы – Ozon-нан іздеу.
Ыңғайлы фильтр сізге қажет затты жылдам табуға, түсін, стилін және өлшемін таңдауға көмектеседі. Егер бір киім сәйкес келмей қалса, кез келген өнімді жеткізу орнында киіп көріп, қайтаруға болады.
Капсуланы қалай жинаймыз?
Гардероб капсуласы дегеніміз – күнде әртүрлі және жаңаша киініп жүруге мүмкіндік беретін бір-бірімен үйлесетін киім, аяқкиім және аксессуарлардың әмбебап жиыны. Гардеробта дайын капсулалар болса, үнемі сәнді жүру оңай болады. Ол ең аз заттардан жиналады. Сонысымен капсула саяхат кезінде әсіресе маңызды.
Демалысқа капсула дайындағанда маусымның үрдістерін, жоспардағы іс-әрекеттерді және дене ерекшеліктерін ескеру керек. Теңізге барсаңыз, шомылуға арналған киім, жағажай туникасы мен баскиімді ұмытпаңыз. Күндізгі серуен үшін шорт немесе белдемше, шалбар және топ пен футболканың екі-үш түрін, ал кештер мен кездесулерге көйлек қарастыру керек. Капсулаға қарапайым ақ көйлек, жеңіл кардиган немесе күртеше қосу арқылы қай жағдайда да қызық көрінетін сәнді look жасай аласыз. Оған дұрыс аяқкиім мен аксессуарлар қоссаңыз, капсула дайын. Биыл не нәрсе трендте? Ozon-нан жарқын жазға арналған ең сәнді 10 бұйым:
1-тренд: Белге жоғары тұратын шалбар
Мұндай шалбар сәнге қайта енді, яғни, жоғары тұратын шалбарлар қайтадан өзекті. 2024 жылдың жазында шалбар неғұрлым жоғары көтеріліп тұрса, соғұрлым сәнді деп есептеледі.
Осы маусымда 2000 жылдардағы қысқа шалбар сәнде. Оны кигенде заманауи көрінуі үшін қасына спорттық емес, қарапайым киімді таңдауыңыз керек. Мысалы, джинс, былғары немесе вискозадан жасалған бұйымдар.
Бұл жейдені дизайнерлер әлі жақсы көреді. Тіпті өз коллекцияларына қосып келеді. Поло қарапайым футболкадан жақсырақ көрінеді және осы маусымда оны кез келген нәрсемен біріктіруге болады. Осылайша түрлі стильде жарасымды образ жасай аласыз.
Теңіз сарыны сәнге қайта келді. Енді гардеробыңызға жолақ түсті киімді қалағаныңызша қоса аласыз. Жолақтың түсін, стилін және енін өз денеңізге сай етіп таңдаңыз. Сосын оны ақ шалбармен немесе белдемшемен біріктірген дұрыс.
Жазда әдеттегідей ашық түсті материалға артықшылық беріледі. Өйткені олар ыстыққа төзімді. Бұл маусымда ақ түс пен неке стиліне жақын заттар трендте. Образыңызды “total white”, яғни, түгел ақ түстен біріктіре аласыз және асыра сілтемедім бе деп күдіктенбеңіз. Ақ көйлекті кез келген аксессуармен толықтырып, түрлі жағдайға түрлі образ жасай аласыз.
Гүлді көйлектер ұзақ уақыт бойы қыз-келіншектердің гардеробында басты орында тұрды. 2024 жылғы жазда әсіресе кез келген дизайндағы және комбинациядағы раушан гүлдер актуал болып тұр. Сарафан достармен серуендеуге де, кездесуге де тамаша үйлесіп кетеді. Ең бастысы — түсін дұрыс таңдап, соған сай стильді киіну.
Жейде — ыстық ауа райында үстіңе кие салатын тамаша киім. Трендте қалуыңыз үшін ашық қызыл түсті немесе жасылдың кез келген реңктегі түрін ұсынамыз. Матасын қалауыңызға қарай кез келген түрінен таңдаңыз.
Жазда сандалиясыз өмір сүре алмаймыз. Ол осы маусымда өте ыңғайлы. Қазір жібі әртүрлі оралғаны, жұқа, төртбұрышты орамдары барлары сәнде. Сонымен қатар басбармаққа баса назар аударатын аяқкиім, соның ішінде классикалық фьетнамдық стиль де таңдаулы образға сән береді.
Жазғы образдарды тамаша толықтыратын ең сәнді аксессуар – былғары белдік. Осы маусымда оның классикалық кестеленген минимал түрін таңдаған дұрыс.
Жылтырақ металл түс осы маусымның бүкіл киіміне енуі мүмкін. Ал оны образға сөмке арқылы енгізу ең тиімді нұсқа болмақ. Сонымен қатар сөмкенің стилі үлкен шопперден талғампаз клатчқа дейін әртүрлі бола береді. Бұл аксессуардың қай түрі болса да, жазғы образға әдемі үйлеседі.
Ozon-да киім мен аяқкиімнен басқа жазда қажет болуы мүмкін барлық нәрсе бар. Шабадандардан бастап күннен қорғайтын көзілдірік пен SPF-і бар косметикаға дейін таба аласыз. Дүкенде түрлі акциялар өтіп тұрады. Мысалы, 2 шілдеге дейін 80%-ке дейінгі жеңілдігімен «О! Жаппай сатылым» акциясы өтіп жатыр. Осы жазда трендте болу үшін керек затыңызды Ozon-нан іздеңіз!
Мақала Ozon қолдауымен жасалды