Қазақстан аумағында шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты жағдай ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.
Министрліктің мәліметінше, 26 маусымдағы жағдай бойынша 1,8 миллион гектардан астам аумақ қорғау шараларымен қамтылды. Оған 2 500 адам тартылды, 427 арнайы бүріккіш техника қолданылып жатыр.
Мамандардың айтуынша, қолданылатын препараттардың тиімділігі — 85%.
Ақтөбе облысында италия прусы мен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары барлық 12 ауданда жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 784 мың гектардың 540 мың гектарында жұмыстар аяқталды, 74 техника жұмылдырылған.
Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды, марокколық шегірткеден 366 мың гектар жер өңделді. Жаңадан анықталған қосымша ошақтар тазартылып жатыр.
Қостанай облысында итальян прусы мен азиялық шегірткеге қарсы 409 мың га өңделді. 130 қызметкер тартылды. 55 техника пайдаланылуда. Іс-шаралар жалғасып жатыр.
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарында 505 мың га өңделген.