Басты бетЖаңалықтарАлматының Алатау...

Алматының Алатау ауданындағы тұрғындары жаңа жеке клиникада тегін медициналық көмек алады

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен есептік кездесу аясында Алатау ауданының «Нұркент» шағын ауданында ауысымда 400 адам қабылдайтын жаңа жеке клиникада болды.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Медициналық орталық биыл мамыр айында ашылды. Кепілдік берілген көлем аясында тіркелген халық үшін тегін медициналық қызметтер көрсетіледі. Бұл жедел жәрдем, шұғыл стационарлық және амбулаториялық көмек, онкологиялық көмек, туберкулез кезіндегі паллиативтік көмек, бейінді мамандардың консультациясы, оңалту, белгілі бір аурулар және дәрі-дәрмектер тізімі бойынша бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Бүгінде медициналық орталыққа ауданның 23,2 мың тұрғыны тіркелген.

скриниң,
Фото: Алматы әкімдігіиниң, алматы

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында клиниканың қызметімен танысып, ұжыммен кездесті. Алаңы 5,5 мың шаршы метр ғимарат заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Клиниканың ерекшелігі-бронх демікпесі, бронхит және пневмония ауруларын емдеуге арналған тұз шахтасының, сонымен қатар есту қабілетінің бұзылуын анықтау мақсатында жаңа туған нәрестелер мен алты жасқа дейінгі балалардағы есту қабілетін анықтауға бағытталған аудио скриниң аппаратының болуы.

Ерболат Досаев қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру маңызды. Біз әрқашан осындай маңызды әлеуметтік нысандарды іске асыруға қатысатын меценаттарды қолдаймыз, — деді мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, «Нұркент» шағынауданында мемлекеттік медициналық мекемелер жоқ. Ең жақын №29 қалалық емхана «Зерделі» шағын ауданында орналасқан. Жеке клиниканың ашылуы «Нұркент», «Ақкент», «Зерделі», «Алғабас», «Теректі» және «Дарабоз» шағын аудандарының 60 мыңнан астам тұрғынын медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік берді және бұл қалалық емхананың жүктемесін азайтты.