Айдарбек Сапаров Ресей Федерациясы Орынбор облысының ауыл шаруашылығы вице-министрімен шегірткелерге қарсы күрес мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Бұған дейін 18 маусымда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Орынбор облысының Светлин ауданы тарапынан шегіртке тұқымдастарының ауысуы байқалған болатын.
Шегірткенің ұшуын тіркеу нәтижесінде ауыл шаруашылығы министрі химиялық өңдеу орындарына барып, Қостанай және Ақтөбе облыстарының Ресей Федерациясы Орынбор облысымен шекаралас аумағына инспекция жүргізді.
Әйтеке би ауданында химиялық өңдеуге жоспарланған 307 мың гектардың 71 мың гектары өңделді. Арнайы бүріккіш техниканың 33 бірлігі пайдаланылуда, алты шағын ұшақ тартылды. Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан ұзындығы 104 км Ресей-Қазақстан шекарасы бойында химиялық жұмыстар жүргізілді. Жалпы облыс бойынша 76 бірлік техника, соның ішінде 11 ұшақ жұмыс істейді, жұмыстар 784 мың га алқапта жоспарланған, өңдеу жұмыстары 482 мың га немесе 61% алқапта аяқталған.
Орынбор облысының ауыл шаруашылығы вице-министрі Жанар Құрманбаев Орынбор облысында Ресей-Қазақстан шекарасы бойымен 22 мың га — 10 км жер өңделгенін атап өтті. 12 техника жұмыс істеді, 20 маусымнан бастап тағы 12 техника тартылды.
Ресейлік тараптың өңдеуді күшейтіп, қосымша техника тартуы маңызды. Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лутқа авиацияны тартуды, сонымен қатар бейтарап аумақта өңдеулер жүргізуді сұрап жүгіндім, — деді Айдарбек Сапаров.
Кездесу қорытындысы бойынша шегіртке зиянкестерінің шекаралас мемлекеттерге көшуіне жол бермеу бойынша келісімдер туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстанда 20 маусымда 1,6 миллион гектар, Қостанай облысын қоса алғанда 270 мың га және Ақтөбе облысында 482 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізілді. Шекара маңындағы сегіз аймақта да қорғау шаралары жалғасып жатыр. Аумақтарды мониторингтiк тексеру жалғасып жатыр.