Басты бетЖаңалықтарДоллар 458—463...

Доллар 458—463 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458—463 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 459,60 теңге.  Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,38 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458—463 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 457,7—460, 5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,1—5,4 аралығында саудаланып жатыр.