Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды.
Мәжілістің баспасөз қызметі мәліметінше, бірлескен отырыс 21 маусымда, жұма күні сағат 10.00-де өтеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-де Астанада шақырылсын, — делінген бұйрықтың мәтінінде.