Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары Әкелер күнін атап өтіп жатыр

Қазақстанда Әкелер күнін атап өтіп жатыр. Мерекеде ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланған.

Форумдар, «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем – мақтанышым» суреттер конкурсы, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Менің әкем – ең жақсы адам» акциясы басталады,-делінген ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметте.