Доллар мен рубльдің 13 маусымға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449–454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,5-452,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 449-454 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 451,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,07 теңгеден сатылып жатыр.