Су тасқынынан бүлінген үйлерді салу барысы үнемі камера арқылы бақыланады. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Министрлік жанындағы ахуалдық орталық және еңбек ресурстарын дамыту орталығы еGOV және «Әлеуметтік көмек» инфоржүйесі арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесіне мониториң жүргізеді. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бөлінісінде объектілік мониториң қамтамасыз етілді. Дэшбордқа мониториң нәтижелерін шығару бойынша жұмыстарды аптаның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді министр.
Сонымен қатар ол әр өңірде жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімдігі бар 52 камера орналастырылғанын айтты.
Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша алты камераны іске қосу жоспарланып жатыр. Әкімдіктер әрбір нысандағы жұмыстарды жеделдетуі және жұмыстардың уақтылы орындалуын ұдайы бақылауы қажет, — деді Қанат Шарлапаев.