Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылар туралы баяндады.
«Экономикалық өсімнің драйвері құрылыс саласы болып қалуда. Есептік кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1%-ға ұлғайды. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 25,3%-ға өсті», — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар министр инфляция деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмендегенін айтты.
Сөз соңында 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында еліміздегі орташа айлық жалақы 148,6 мың теңгені құрағанын айтты. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға дейін төмендеген екен.

1 Пікір