Басты бетЖаңалықтарАлматыда заңсыз...

Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 шетелдік ұсталды

Алматыда Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды полиция қызметкерлері «Заңсыз» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 27 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде тоғыз шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.