Доллар мен рубльдің 5 маусымға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 маусым ресми бағамы — 1 долларға 448,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 44 -450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,5-450,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99-5,07 аралығында саудаланып жатыр.