Су тасқыны: 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде жатыр

ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны жағдайына қатысты сағат 10.00-дегі ақпаратты жариялады.

Республика бойынша 63 063 адам өз үйлеріне оралды. 5 268 адам эвакуациялау пункттерінде жатыр. 28.2 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8.1 миллионнан астам қапшық және 1.5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді, — деп жазды ведомстводан.