Басты бетЖаңалықтарСейтқазы Матаев...

Сейтқазы Матаев рақымшылық заңына ілікті

«Сейітқазы Матаевқа «Рақымшылық туралы» заңының 4-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағына сәйкес рақымшылық жасалды. Яғни оның жазасының тең жартысы қысқартылады», — деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Енді бұрынғы төраға 2017 жылы 2 наурызда шыққан Алматы облысының Қапшағай қалалсық сотының үкімімен Сейітқазы Матаев колонияда әлі 2 жыл 11 ай отырады.

Еске салайық, 2016 жылы 3 қазанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты даулы іс бойынша үкімін шығарды. Сейітқазы Матаев ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның ұлы Әсет Матаев 190-бабы 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды.

ДереккөзTengrinews.kz