Басты бетЖаңалықтарТасқында эвакуацияланған...

Тасқында эвакуацияланған 63 мың адам үйіне оралды

Су тасқыны жағдайы бойынша 30 мамыр, сағат 10.00–дегі ақпарат жарияланды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, республика бойынша 63 032 адам үйіне оралды.

5 193 адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр. 27,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 8,1 миллионнан астам қапшық және 1,5 миллион тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.