Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: 3...

Қазгидромет: 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

30 мамырда Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.