Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439–444 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,82–443,23 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 439–444 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441,59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,94–5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,93-5,04 теңгеден сатылып жатыр.