Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рютте жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды, — делінген хабарламада.