Атыраудағы Жайық өзенінің деңгейі 6 метрге жетті. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.
28 мамыр сағат 08.00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі (27 мамыр 08.00-мен салыстырғанда):
- Индербор ауылы – 7 сантиметр, су деңгейі – 968 сантиметр, шекті деңгейі – 845 сантиметр;
- Махамбет ауылы – 0 сантиметр, су деңгейі – 1 020 сантиметр, шекті деңгейі – 850 сантиметр;
- Атырау +2 сантиметр, су деңгейі — 600 сантиметр, критикалық деңгей — 550 сантиметр;
- Жаңаталап ауылы +1 сантиметр, су деңгейі – 432 сантиметр, шекті деңгейі – 500 сантиметр;
- Еркінқала ауылы +1 сантиметр, су деңгейі – 389 сантиметр, шекті деңгейі – 450 сантиметр.