Басты бетЖаңалықтарАлматыда бір...

Алматыда бір көше екі айға жабылады

Алматыда 44 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр қайта жаңғыртылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» компаниясы хабарлады.

Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінде автокөлік қозғалысы жабылады,- делінген хабарламада.

Жұмыстарды жүргізу кезеңінде осы аудан тұрғындарына ыстық су сызба бойынша беріледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала анықтап алуды сұраймыз,- делінген хабарламада.