Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер бар. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10.20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «ҚазАвтоЖол» желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 турист болған. Кеген аудандық ауруханасына бес адам, Жалағаш аудандық ауруханасына төрт адам, Шелек ауылына төрт адам жеткізілді. Қаза болғандар жоқ. Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында, — делінген хабарламада.