Басты бетҚоғамБалабақшаларға "асық...

Балабақшаларға «асық терапиясы» атты оқу жүйесі енгізілуі мүмкін

Енді Білім және ғылым министрлігі қолдаса, барлық мектепке дейінге білім орындарына енгізу көзделген.

Әзірге Алматыдағы 40-қа жуық балабақшаның жетекшілері жаңа әдіспен танысып қайтты.

Бұл әдісті алматылық педагогтар ойлап тапуып, патенттеген. Олар бір бөлмені есеп шығаруға, түстерді тануға, музыкалық қабілетті оятуға және логикалық сұрақтарға жауап беруге арналған 2800 асықтан жасалған түрлі пайдалы бұйыммен толтырған.

Сондай-ақ спорттық жаттығу залына да асықтан арнайы жол төсеген. Ұстаздардың айтуынша, асықпен жалаң аяқ жүру табандағы нүктелерге жетіп, ұйқыдан енді оянған баланың жүйкесіне жағымды әсер етеді. Бастысы дәлдікке, төзімділікке және ұстамдылыққа үйретеді.

«Осы асық терапия деген осы жерде көріп отырған дүниенің бәрі балаларға барлық жағынан оң әсерін береді. Тәрбие жағынан да, денсаулық жағынан да болсын, ең бастысы, бұл ұлттық тәрбиеміз үшін жасалып отыр.  Осы балабақшадағы барлық сабақ асықтың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Орыс тілі де, музыка, математика және дене шынықтыру да осы арқылы түсіндіріледі балаларға»,- дейді Алматы қаласы Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Телғазиева.

ДереккөзAstanatv.kz