Дəстүр бойынша рейтингке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркменістан жəне Əзірбайджанның үздік агенттіктері қатысады. Жеңімпаздарды анықтау барысында аймақтық агенттіктердің 2016 жылы халықаралық жарнама фестивальдарындағы нəтижелері ескеріліп, жарнама агенттіктері, брендинг жəне дизайн-бюро, digital мен SMM-агенттіктері, сондай-ақ продакшн-студиялары жұмыстарының креативтілігі, сапасы жəне шеберліктері бағаланды.
Cheil Kazakhstan халықаралық фестивальдарында ұсынған үздік жұмыстары үшін алған беделді марапаттарының арқасында 355 ұпай жинады: Epica, White Square, КМФР, Идея, Red Jolbors. Бұл нəтиже чейліктерге өз қарсыластарынан едəуір ілгері болуына септігін тигізді. Өткен жылы олар небəрі 7 орында болса, осы жылы бірінші атанды.
Екінші орынды КМФР, AdStars, AdBlackSea, Red Jolbors-тан алған марапаттары үшін 98 ұпаймен қазақстандық GForce/Grey желілік агенттігі иемденді.
Үшінші орын қырғызстандық Red Jolbors байқауында жеңісі үшін 68 ұпай жинаған FCB Almaty агенттігіне бұйырды.
AdAsia мəліметі бойынша, бұл жылы аймақтан тысқары өтіп жатқан халықаралық жарнама фестивалінде тек төрт агенттік жеңіске қол жеткізді – Cheil Kazakhstan, GForce/Grey, Green Penguin Media (барлығы қазақстандық) жəне USSO design (Өзбекстан). 2015 жылы орын алған агенттіктер саны 9 болатын. Қалған агенттіктер рейтингке Red Jolbors аймақтық фестивалінде алған жеңістері арқасында іліккен болатын (Қырғызстан).
Ағымдағы жылдың ондығында (ТОП-10) Қазақстанның 7 агенттігі, Қырғызстанның 4 агенттігі жəне Өзбекстанның 2 агенттігі орын тапты. Қырғыздық агенттіктер қазақстандықтарды аяқтан шалмақ болғанымен, соңғылары рейтингте үштіктер орнын (ТОП-3) ешкімге босата қоймас.
Жыл сайын ұйымдастырылатын алтыншы «Креатив және шеберлік рейтингі» AdAsia мәліметтері бойынша Cheil Kazakhstan ұйымы 2016 жылдың Орталық Азиядағы нөмірі бірінші агенттігі атанды.
Cheil Kazakhstan компаниясының әлемдік және аймақтық деңгейдегі байқауларда жеңіске жеткен кейбір жобалары туралы қазақстандық БАҚ-та кеңінен жазылып жатты: оның ішінде құндылықтары мен мақсаттары ортақ екі брендтің серіктестігі, яғни Samsung және GGG кампаниясы; жаһандық экологиялық мәселелерге арналған Қазақ географиялық қоғамының әлеуметтік принті – Жер сағаты (бұл туралы ең беделді ресейлік ресурстар да жазды); онлайн-қонақтарға Gear VR көзілдірігінің көмегімен Алматының ең үздік аттракциондарына 360 градустық саяхат сыйлап, ерекше әсер берген Galaxy Amusement Park жобасы бар.
Клиенттермен жұмыс жөніндегі директор Дәурен Жүсіповтың айтуына қарағанда, Cheil Kazakhstan жұмысының тағы бір ерекшелігі – агенттіктің заманауи, инновациялық құралдарды пайдаланып, оларды коммуникациялық шешімдерде қолдануға баса мән беруінде.