ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тұтыну несиесі бойынша қарызын жаба алмай жүрген адамдардың санын жариялады.
Менде биылғы 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы 14,2 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни, мерзімі өткен несиелердің үлесі 1,6 триллион теңге немесе 12%, — деді Олжас Қизатов сенатта болған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тұтыну несиесін алғандардың саны 8,4 миллион адам. Соның арасында 90 күннен астам қарызын өтемеген 1,5 миллион адам тіркелген.