27 маусым Алматыдағы Медеу стадионында Yandex Qazaqstan Day өтеді. Оған қатысатындарды компанияның жаңа өнімдер аңдатпасы, қолмен ұстап көре алатын технологиялармен және оларды жасаған мамандармен танысуға болатын интерактив аймақтар күтеді. Фестиваль технологияларды ұнататындардың барлығына және бизнес-қауымдастықтарға, креатив индустрия өкілдері мен Яндекс Қазақстан сервистерін пайдаланушыларға қызық болады.
Yandex Qazaqstan Day тілге, кәсіпке, қалаға және мәдениетке арналған төрт негізгі трекке бөлінеді. Әр тректің жетекшісі сарапшылар мен блогерлер болады, олар Яндекс спикерлерімен бірге өмірдің әртүрлі саласын дамытуға жаңа технологиялар қалай көмектесетінін айтады. Мысалы, тіл туралы тректі NinetyOne тобының мүшесі ZaQ ашады, кәсіп туралы кәсіпкер әрі блогер Әсел Машанова, ал мәдениет туралы режиссёр Қанат Бейсекеев айтып береді.
Интерактив аймақтарда қонақтар жеткізуші роботтармен танысып, олардың лидарларына селфиге түсе алады, нейрожелінің көмегімен сурет салып, оны көркемсурет көрмесіне орналастыруға болады. Скутерлерде қауіпсіз жүргізу мектебінен өтіп, дата-орталықтың қандай екенін көреді, «ақылды» киіз үйге кіріп, оны Алиса арқылы қазақ тілінде басқарады және басқа да интерактив ойын-сауықтарға қатысуға болады.
Yandex Qazaqstan Day-ге қатысатынның барлығына тегін трансфер мен түскі ас ұйымдастырылады. Ал фестиваль соңында қазақстандық музыканттардың концерті өтеді.
Қатысу тегін — сайтта өтініш қалдырыңыз да, шақыру хатын күтіңіз. Орындар саны шектеулі. Фестивальге қатыса алмайтындар үшін Яндекс Қазақстан yandex.kz басты бетінде тікелей трансляция өткізеді.