Басты бетЖаңалықтарАлматыда сарапшылар...

Алматыда сарапшылар шамадан тысавтокөлікті азайту шаралары туралы айтты

Алматыда Милан мен Мәскеу сарапшыларыныңқатысуымен «Артық көліктің әбігері: жаңашешімдер іздеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Соңғы екі жылда қалада тіркелген автокөліктердіңсаны 24% өсті, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш40% жетуі мүмкін», — деді Алматының даму орталығы жанындағы жобалық офистің «Көлікжүйесін дамыту» базалық бағытын іске асырутобының жетекшісі Артур Шахбазян.
«Бүгінгі таңда автокөлік ауаның ластануыныңнегізгі көзі болып табылады және егер біз қаладатұрудың жайлылыығн қаласақ, жекеавтокөліктердің санын азайту қажет. Ол үшінАлматыда 2030 жылға дейін қоғамдық көліктежүру санын 64%-ға ұлғайту, сондайақ ақылытұрақ аймағын кеңейту жөніндегі шаралардыкөздейтін көлік қаңқасының Шеберлік жоспарықабылданды», — деді спикер.

Көлікті дамыту саласындағы тәуелсіз сарапшыЕлена Ерзаковичтің пікірінше, қарапайымазаматтарға ғана емес, шешім қабылдайтынсаясаткерлерге де ақылы тұрақтар мен экология арасындағы байланысты белсенді түрде түсіндіруқажет.

«Ақылы автотұрақ аймақтарының саны артқаннанкейін оның құны артады, қалада көліктер азаядыжәне сәйкесінше ауа сапасы жақсарады. Бұладамдардың мінез-құлық әдеттерін өзгертеді, оларжеке көлікпен жүру керек пе, егер қажет болса, қысқа мерзімге бару керек пе деп ойлайды. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, автомобильдердің санын азайту керек», — деді Елена Ерзакович.

Өз кезегінде, Милан қаласының көлік жүйесініңтұрақты жоспары бойынша сарапшылар кеңесініңмүшесі Федерико Паролотто бүгінде трафиктібақылаудың жаңа әдістерін әзірлеудің қажеті жоқдеп санайды, Париж, Лондон, Милан сияқтықалалардың тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсетті.

«Бұл ақылы автотұрақ аймағын кеңейту, белгілі біраудандарға көліктің кіруіне шектеулер енгізу, электромобильдерге жеңілдіктер және т.б. Машинаның көптеген проблемалар тудыратынынтүсіну маңызды, бұл жанармай құю, жуу, техникалық қызмет көрсету және ең бастысы, олүлкен көлемдегі қоғамдық кеңістікті алады. Сондықтан қанша жол салынса да, кептелісмәселесін шешу мүмкін емес. Шығудың жалғызжолықатаң шектеулер мен қоғамдық көліктідамыту», — деп атап өтті шетелдік сарапшы.

Танымал урбанист Аркадий Гершман Стокгольмніңмысалын келтірді, онда ақылы жол жүру ақысыжәне тұрақ құны жоғары.

«Бастапқыда қала тұрғындары қарсы болды, бірақбұл шаралардың тиімділігін сезінгенде, көпшілігіөз ойларын өзгертті. Өз қалаңызда күн сайын 10 балдық кептелістерді көру қалыпты жағдай емес. Сондықтан жеке автокөліктерге шектеулер енгізу, қоғамдық көлікті дамыту, велосипед жолақтарынқұру әрқашан оң нәтиже береді», — деп атап өтті урбанист.

Мәскеуден келген көлік сарапшысы Сергей Андрейкин ақылы автотұрақтар қаланыңқажеттіліктеріне қаражат жинау үшін емес, орынның айналымын арттыру үшін енгізілетінінатап өтті.

«Кезбе трафикті азайту және көлік санын реттеуүшін автотұрақ орталығында көп болуы әрі құны қымбат болуы тиіс. Мысалы, Алматыда тариф өтетөмен. Әрине, жақын маңдағы үйлердіңтұрғындары үшін резиденттік абонементтерқарастырылуы керек, бірақ олардың саны да шекті болғаны жөн», — деді Сергей Андрейкин.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар Алматы ерте ме, кеш пе қымбат автотұрақ тарифіне және жекекөліктер үшін басқа да шектеулерге қол жеткізеді,бірақ мұның бәрі қоғамдық көліктің белсендідамуымен қатар жүруі тиіс деген қорытынды жасады.