Мәжіліс депутаттары вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер пакетін қабылдады. Соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін айыппұлдарды арттыру ұсынылып отыр.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын мәжіліс екінші оқылымда қабылдады.
Депутат Марат Башимовтың айтуынша, қазіргі кезде қоқысты қоғамдық жерде немесе саябақта қалдырғаны үшін 5 АЕК, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Негізгі заң жобасында оның ұйымдық-құқықтық негіздерін айқындау көзделеді:
- адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, анықтамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- жаңа ұғымдарды, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыреттерін енгізу, осы саладағы проблемаларды анықтау мақсатында тәуекелдерді бағалауды (деректерді жинау) енгізу.
Заң жобасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық ұйымдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және осындай істерді қарау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделеді, — дейді ол.
Жұмыс барысында депутаттар 100-ге жуық түзетулер енгізді. Депутаттар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде өз еліне оралу бойынша адам саудасының шетелдік құрбандарына жәрдем көрсетуге қатысты түзетулер енгізді.
Сонымен қатар депутаттар мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурыздағы ұлттық құрылтай отырысында вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату және құқықтық тәртіпті күшейту туралы берген тапсырмасын орындауға бағытталған түзетулер енгізді. Заңды бұзушылар арасында «нөлдік төзімділік» қағидаты толық көлемде қамтамасыз етілмейді. Жекелеген азаматтар жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануы түрінде құқық бұзушылықтар жасағандықтан, өздерінің әдептілігі мен мәдениетсіздігін көрсетуді жалғастырып жатыр.
Осыған байланысты депутаттар вандализм көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға, ғимараттарды, жалпы пайдалану орындарын қорлауға және бөтеннің мүлкін жоюға бағытталған түзетулер енгізді. Мысалы, вандализм 294-бабы бойынша жаза өсті. Енді ол 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынумен жазаланады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін айыппұл екі есеге – 10 АЕК-ке, ал қайталанған кезде – 20 АЕК, — деп толықтырды Марат Башимов.