Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,7-443,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 440 — 445 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 441,80 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,79-4,89 теңгеден сатылып жатыр.