Басты бетЖаңалықтарДоллар 441–446...

Доллар 441–446 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441–446 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 443,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441—446 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 442,2—443,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,79—4,90 аралығында саудаланып жатыр.