Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Осылайша ол екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Әзімов (14 633 балл) иеленді. Қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудке (14.633) бұйырды. Қазақстандық Милад Карими бұл жарыста 13.366 ұпаймен 7-орын алды.
Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медаль (14.600 балл) жеңіп алды. Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанини 5-ші орын алды. Алтын жүлдені Филиппин өкілі Карлос Юло (14,933 ұпай) иеленді. Үздік үштікті қытайлық гимнаст Янжи Янг (14.200) түйіндеді.