Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген бірге өнер көрсетеді

Концерт «Beijing Concert Hall» сахнасында өтеді (басталуы Пекиннің жергілікті уақыты бойынша сағат 19:30-да өтеді). Аталмыш концертке қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, баритон Азат Мәлік, «Шат» фольклорлық ансамблі, Қазақстанның скрипкашылар ансамблі, қытайлық дирижер Тао Фан, Қытайдың ұлттық телевизия және радиосының симфониялық оркестрі мен өзге де әртістер қатысады.

Еске сала кетейік, көпшіліктің назарын аударған 16 сәуір күні «Singer 2017» жобасы аяқталды. Отандасымыз Димаш Құдайберген қытайлық әнші Шан Вэньцземен бірге Майкл Джексонның Earth song және Dangerous атты әндерін орындап, байқауда екінші орынды жеңіп алды. Қазіргі уақытта Қытай БАҚ-тарында тіпті «Димаш феномені» деген ұғым пайда болды. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы үлкен мәдени байланыстардың ашылуымен байланысты болып отыр.

ДереккөзInform.kz