Қазақстандық актриса Дариға Бадықова рекорд орнатып, көрермендерді жаңа жобамен қуантты. 16 мамырдан бастап «Тастаймын-ау сені» фильмі прокатқа шықты.
Режиссер Әнуар Мәтжановтың былтырғы «Таптым-ау сені» фильмі алғашқы 10 күнде керемет нәтиже көрсетіп, миллиард теңгеден астам қаржы жинады.
Жоқ, бұл бірінші фильмнің жалғасы емес, өзіндік жұмыс. Дегенмен актерлар құрамы бірдей. Басты рөлдерді Қазақстанның жұлдыздары Дариға Бадықова мен Олжас Абай сомдады. Біз бұл фильмді қыстың суық күндеріне қарамастан, тау бөктерінде түсірдік. Халық еңбегімізді бағалайды деген ойдамын, — деді Әнуар Мәтжанов.
«Тастаймын-ау сені» фильмінің сюжеті: Жарас пен Алмагүлдің отасқандарына 10 жылдан асқан. Жарас үлкен компанияда жақсы қызметте жұмыс істейді. Ал Алмагүл жұмыс істемейді, бірақ тұлға ретінде дамығысы келді. Жарас Алмагүлдің қалауын сұрамастан барлық шығыны мен қалаған нәрсесін тек ақшамен жауып отырған. Осы себепті Алмагүл ішкілікке салынған. Бір күні ішіп алған Алмагүл Жарасты бастығының көзінше ұятқа қалдырады. Бұнысына шыдамаған Жарас ертеңіне мықты тәуіптердің біріне барып, Алмагүлді емдетуге шешім қабылдайды.
Тәуіптің қабылдауында Алмагүлден бөлек отбасына сыйы жоқ Коля, ата-анасының айтқанымен әскери жолда өсе алмаған — Сабырхан, ешкімге зияны жоқ — Қанат ем алып жатыр. Емдеу кезінде Алмагүлдің және басқа науқастардың басынан оғаш және қорқынышты оқиғалар бола бастайды…