Төтенше жағдайлар министрлігі 15 мамырда Қазақстан қалаларында дабыл қосылатынын ескертті.
15-16 мамырда елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірде алдын алу шаралары кешені жүргізіледі.
Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері пысықталады.
Оқу-жаттығу «Семей орманы» МОТР» РММ-нің Бородулиха филиалы аумағында өтеді.
15 мамырда сағат 12.55-те оқу-жаттығу аясында Астанадан басқа, еліміздің барлық аймағында ескерту жүйесін тексеру жоспарланған, — делінген хабарламада.