Қалалық полиция департаменті автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні тұтқындап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушы мен жүргізуші арасында жанжал шығып, нәтижесінде автобус жүргізушісі жараланған.
Суық қару қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасында ауызша жанжал болған, содан кейін қатысушылардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді, — делінген хабарламада.