Басты бетЖаңалықтарАстана халқы...

Астана халқы Пасха мейрамын атап өтеді

2017 жылдың 15-16 сәуірінен бастап Астана қаласының Успен кафедралдық соборында (6 ш/а, Күйші Дина, 27), Константин-Елениндік собор (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский Храмы (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) шіркеулерінде құдайға құлшылық ету рәсімі өткізіледі.

Мейрамды атап өту 15 сәуір күні сағат 11.00-ден киелендіру рәсімдерінен басталады, 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түні сағат 22.00-ден 3.00-ге дейін мерекелік құдайға құлшылық етулер, 16 сәуір күні сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін мерекелік Пасхалық құлшылық етулер және 16 сәуір күні бойы ақтау, киелендіру рәсімдері өтеді.

Бағдарлама бойынша қаланың православиелік тұрғындары дін жорасын және үлкен православиелік оқиға — Пасха мейрамына арналған салтанатқа қатысады.

Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаларын түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларын бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған.

Пасха грек тілінен аударғанда «өтіп кету» деген мағынаны береді. Бұл христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы.

ДереккөзAstana.gov.kz