Қазақстанда әйелдерге арналған вагонға сұраныс екі есе артқан. Бұл туралы ҚТЖ хабарлады.
Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонымен» жүрді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 есеге көп. 2023 жылы әйелдер вагонын 34 мыңнан астам әйел пайдаланған. 2021 жылы қызмет енгеннен бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонмен сапарлаған, — делінген хабарламада.
Әйелдерге арналған вагондарға билет әйелдерге ғана сатылады. Бірақ жеті жасқа дейінгі ер баланың жол жүруіне рұқсат бар. Вагонда әйел жолсеріктер жұмыс істейді.