Қазақстанда 1,5 миллион гектар жерге егін егілді

Бүгінде елімізде 1,5 миллион гектар жерге егін егілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және азықтық дақылдарды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланып жатыр. Ал суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, мақта алаңдарын 16 мың гектарға, күрішті 12 мың гектарға қысқарту көзделген.

Бүгінгі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 миллион гектар егілді. Ал жаппай егіс науқаны осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады, — деді Айдарбек Сапаров.

Әкімдіктердің деректері бойынша бүгінгі күні қажет 2,4 миллино тонна тұқымның 99%-і бар. Қалған көлем азық-түлік корпорациясының резерві есебінен қамтамасыз етіледі.