Елімізде қанша тонна қант қоры бар?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қант тапшылығына қатысты түсінік берді.

Жалпы елімізге жылына 550 мың тонна қант қажет, бүгінде бізде 90 мың тонна қант бар. Сонымен қатар біздің алатын 120 мың тонналық квотамыз бар. Одан бөлек, ел аумағына бажсыз кіргізілетін қант көлемі – 300 мың тонна. Сондықтан қант жетеді деп айтуға болады. Мен жуырда қосымша 80 мың тонна жеткізу туралы Ресейдің ауыл шаруашылығы министрімен сөйлестім. Кім біледі, ертең жағдай күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан бәріне дайын болуымыз керек. Қант жағы 100% қамтылады деп ойлаймын, — деді Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.