Су тасқыны: Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөгет салынды

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасып жатыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониториң жүргізіліп жатыр.

ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда, — делінген хабарламада.