Құлсарыда тәулігіне 70 мың текше метр су сорылды

Құлсарыда тәулігіне 70 мың текше метр су сорылды. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Қазір су астында 20 үй мен 10 кәсіпорын бар. Төтенше жағдай министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері аумақтарды дезинфекциялауды жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған.