Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

23 сәуір Ұлттық кітап күні мерекесін енгізу туралы қаулы жобасы жарияланды. Жаңа мерекені енгізу туралы тиісті құжат «НҚА» сайтында жарияланды.

Түсіндірме хатта көрсетілгендей, жаңа мереке Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді.

Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген, — делінген қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.