Су астында қалған үйлер азайған жоқ

Еліміздің бірқатар аймағында су тасқынының беті қайта бастады. Десе де кейбір өңірлерде үйлер әлі су астында.

Бүгінде Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың көмегімен 100-ден астам үйде және 10 бизнес нысанында су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында да су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифиңде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

Республика бойынша 8 615 тұрғын үй және 2 994 аула аумағында судың бағыты бұрылып, су сорылды. 49 819 адам өз үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жалпы саны 14 409 адам, 1 413 техника, 311 су сору құралы, 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды, — деді ол.